QAZAQ AIR әуекомпаниясы Ақтөбеден Қазанға әуе рейстерін уақытша тоқтату туралы хабарлайды

QAZAQ AIRәуекомпаниясы 2024 жылғы 5 сәуірден бастап Ақтөбеден Қазанға ұшуды тоқтата тұру туралы хабарлайды.

«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 05.04.2024 жылдан бастап Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе бағыты бойынша әуе қатынасы уақытша тоқтатылады», – деп хабарлайды авиатасымалдаушының баспасөз қызметі.

Жоспарланған әуе қатынасын қайта бастау кейінірек жарияланады.

Анықтама үшін: QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін құрылған қазақстандық әуекомпаниясы. Оның хабы Астана қаласында орналасқан.