QAZAQ AIR әуекомпаниясы Ақтөбеден Қазанға ұшудықайта бастайды

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Ақтөбеден Қазанға ұшудың қайта басталғаны туралы хабарлайды. Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт көрсетілген):

IQ 507 Ақтөбе 17:00–Қазан 16:40

IQ 508 Қазан 17:40 – Ақтөбе 21:20

Сондай-ақ келесі қалалардан транзиттік маршруттар қарастырылған:

Астана -Ақтөбе – Қазан

Атырау – Ақтөбе – Қазан.

Қазақстандық әуетасымалдаушы QAZAQ AIR канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған заманауи ұшақтарында сенімді әуе қатынасын қамтамасыз етеді. QAZAQ AIR әуе кемелері паркі сыйымдылығы 76-дан 86 жолаушыға арналған 5 ұшақтан тұрады.

«Татарстан Республикасы Ресейдің негізгі өнеркәсіптік аймақтарының бірі және біздің еліміз үшін маңызды стратегиялық серіктес болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастың негізін қазақ және татар халықтары арасындағы өңіраралық ынтымақтастық пен тарихи, мәдени, сондай-ақ рухани байланыстар құрайды. Әуе рейстерін қайта бастау – екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-білім беру байланыстарын нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті QAZAQ AIR әуе компаниясының Басқарма төрағасының м.а. Нұрлан Жақыпов.

QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін ұйымдастырылған маршруттық желісі бар қазақстандық әуе компаниясы. Ол рейстерді жоғары халықаралық және Ұлттық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес орындайды. Компанияның хабы Астана қаласында орналасқан.

Анықтама үшін: QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін құрылған қазақстандық әуе компаниясы. Оның хабы Астана қаласында орналасқан.

Жолаушылардың және авиация саласындағы кәсіби мамандардың пікіріне негізделетін әлемдегі беделді ұлыбританиялық Skytrax рейтингісі бойынша 2022, 2023 жылдары QAZAQ AIR Орта Азия және ТМД елдері арасында үздік үштікке енді.

Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.  Сайттан сатып алу кезінде сіз борттағы орынды алдын ала брондауға, багаждың немесе қол жүгінің салмағын арттыруға, борттағы тағамға тапсырыс беруге, үй жануарлары мен спорттық жабдықтарды тасымалдауға тапсырыс бере аласыз.