QAZAQ AIR әуекомпаниясы PR room кәсіби қауымдастығының байқауында жеңімпаз атанды

Жуырда Астанада салалық PR-мамандарды дамытуды қолдайтын PR room кәсіби қоғамдастығы ұйымдастырған PR-мамандар арасындағы байқауды cалтанатты марапаттау рәсімі өтті.

       Байқау PR-қоғамдастық өкілдері, қоғаммен байланыс жөніндегі мамандар, қазақстандық компаниялар, кәсіпорындар, қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар, фрилансерлер және т. б. PR-бөлімшелерінің өкілдері арасында өткізілді.

Еліміздің ірі ұйымдары мен компанияларынан, соның ішінде «Қазақмыс», «Қазцинк», «Қазатомөнеркәсіп», БЖЗҚ, QAZAQ AIR, сондай-ақ қайырымдылық қорлары мен фрилансерлерден 55 өтінім келіп түсті.

          Жұмыстарды өзектілігі, шығармашылығы және маңыздылығы бойынша бағалаған байқаудың қазылар алқасының қатарында PR индустрияның мамандары болды. Конкурс Қазақстанда Public relations дамытуға, қоғаммен байланыс жөніндегі қазақстандық мамандардың шығармашылық және креативті әлеуетін бағалауға бағытталған.

«Біз байқауға қатысқан барлық әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Қазақстанның барлық салалары мен көптеген өңірлерін қамтуға мүмкіндік туды. Осындай бастамалар арқылы біз бір-бірімізбен тәжірибемен, идеялармен бөлісеміз. Қазір PR мамандарының жұмысында стратегиялық міндеттер көбейіп келеді, IT, GR, HR салаларының бірнеше мықты жобалары бар. Бұл байқауға жіберілген өтінімдер бойынша да байқалды, жобалар ауқымды, креативті, сондай-ақ жобаларда елдің және өңірдің күн тәртібіндегі мәселелер көрсетілді», – деп түсіндірді байқаудың қазылар алқасының төрағасы, Ұлттық банктің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Айнұр Жұмаділова.

Жеңімпаздар:

І орын Ақбота Орынбаева QAZAQ AIR – «Бірінші отандық әйелдер экипажы» жобасы;

ІІ орын Марина Шаповалова «Әкімдік қайда қарайды» жобасы;

ІІІ орын-Аида Низабекова «Indrive: атпен жеткізу» жобасы;

IV орын – Әсел Кужахметова «vision ZERO SERGEK» жобасы;

V орын – Александр Лихтман «Пресс-релиз генераторы» жобасы.