QAZAQ AIR әуекомпаниясы су тасқынына байланысты әуе билеттерінің құнын төмендетті

Әуетасымалдаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында елдің бірқатар өңірлерінде су тасқыны салдарынан орын алған тұрақсыз жағдайды ескере отырып, әуе билеттерінің ең жоғарғы құны бір бағытқа 40 000 теңгеге дейін төмендетілді.

«Уақытша тариф 24 сәуірге дейін Қазақстан Республикасындағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлер маршруттарында қолданылады», – деп атап өтті әуекомпанияның баспасөз қызметі.

QAZAQ AIR төтенше жағдайда барша отандастарды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауда.