QAZAQ AIR ӘУЕКОМПАНИЯСЫНА БОРТСЕРІКТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

«Qazaq Air» компаниясы бортсеріктерді қызметке қабылдауды бастайды!  Іріктеуден өту үшін 30 қазан сағат 9:00-де Астана қаласы Мәңгілік ел көшесі 20 үй мекенжайы бойынша (6-қабат) келу қажет.

Қойылатын талаптар:

– орта, арнайы немесе жоғары білімі бар;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген;

– жүзе алатын;

– жоғары коммуникативтік дағдыларды меңгерген жинақы, ұстамды, жанжалдарды шеше білу қабілеті бар, жасы 18-ден жоғары үміткерлер қарастырылады.

Дененің көрінетін бөліктерінде татуировкалар мен пирсингтердің болмауы шарт. Өзіңізбен бірге түйіндемеңіз бен тұла бойыңызды толығымен көрсететін фотосурет болуы керек.