QAZAQ AIR басшылығы әуе паркін кеңейту бойынша кездесулер өткізді

QAZAQ AIR әуе компаниясының басшылығы Дублинге жұмыс сапары аясында алдағы жылдары компанияның әуе паркін кеңейту үшін әуе кемелерін өндірушілермен, лизинг берушілермен, қаржы ұйымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Бүгінгі таңда QAZAQ AIR әуе компаниясының флоты Канадада жасалған 5 заманауи de Havilland Dash-8-Q400NG турбовинттік ұшақтарынан тұрады. Жолаушылар ағынын арттыру және маршруттық желіні кеңейту үшін компания реактивті ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. QAZAQ AIR басшылығының пікірінше, флотты ұлғайту халықаралық рейстер санын көбейтуге және жолаушыларға жаңа бағыттар бойынша қолжетімді билеттер ұсынуға мүмкіндік береді.