QAZAQ AIR бортында Құрбан айт

Құрбан айт мерекесін тойлау құрметіне QAZAQ AIR Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шыққан кезде өз жолаушыларына ұшақ бортында мерекелік көңіл-күй сыйлауды ұйғарды. Бұл күні авиакомпания өкілдері жолаушыларды мерекемен құттықтап қана қоймай, әрқайсысына бауырсақтар таратты. Өйткені бауырсақ -мейірімділіктің, өзара түсіністіктің және үлкен қазақстандық отбасының бірлігінің символы.

QAZAQ AIR барлық қазақстандықтарға бақыт, қуаныш пен өркендеу тілейді!