QAZAQ AIR: енді Астанадан Павлодарға 10 000 теңгеге ұшуға болады

2022 жылдың 1 қарашасынан  бастап QAZAQ AIR Астана – Павлодар – Астана жаңа бағыты бойынша субсидияланған рейстер ашады. Компания жолаушыларды канадалық заманауи, жайлы De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен тасымалдайтын болады.

Ұшулар аптасына 4 рет төмендегі кесте бойынша орындалады:

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері:

IQ 513 Астана 15:05 – Павлодар 16:05

IQ 514 Павлодар 16:35 – Астана 17:35.  

Бір бағыттағы билеттің тұрақты бағасы 10 000 теңге. 14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды. Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады