14–15 қазан күндері бірқатар рейстер өндірістік себептерге байланысты, сондай-ақ әуе компаниясының базалық әуежайы – Астана қаласындағы ұшу-қону жолағының уақытша жабылуын ескере отырып, кезең-кезеңімен кідірістермен орындалуда.
Кешіккен рейстердің барлық жолаушыларына ақпарат берілді. Оларға әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларының 2-тармағының 38-тармақшасына сәйкес қонақүйде орналастыру, ыстық тамақ және трансфер қызметтері ұсынылуда. Сондай-ақ тегін қайта брондау және авиабилеттердің толық ақшасын қайтару мүмкіндігі бар.
«Біз жағдайды жедел шешу және барлық жолаушылардың қауіпсіз түрде межелі жеріне жетуін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салудамыз. Біздің басты басымдығымыз – жолаушылардың қауіпсіздігі», – деп атап өтті әуе компаниясында.
QAZAQ AIR жолаушылардан орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік пен сабырлылық танытқандары үшін алғыс білдіреді.
Тәулік бойы жолаушыларды қолдау қызметі:
+7 (727) 353 1414