QAZAQ AIR Астана-Талдықорған-Астана бағыты бойынша рейстерді тоқтатты

27 желтоқсан күні Талдықорғандағы қолайсыз ауа-райына байланысты IQ 429 Астана–Талдықорған және IQ 430 Талдықорған–Астана рейстері кешіктірілді. Содан кейін техникалық себептерге байланысты QAZAQ AIR әуе компаниясы аталған рейстерді тоқтатты.

«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау Ережелеріне сәйкес жатын орын, тегін қайта брондау және билеттерді қайтару ұсынылды», – деп хабарлайды әуе компаниясы.

QAZAQ AIR әуе компаниясы үшін жолаушылар қауіпсіздігі маңызды екенін естеріңізге саламыз.