QAZAQ AIR қысқы спорт жабдықтарын тегін тасымалдайды

QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық бағыттарда қысқы спорттық жабдықтарын: шаңғы, сноуборд жабдықтарын, мұзда сырғанау конькилерін (акцияда хоккей жабдықтары қарастырылмаған) қаңтар айында тегін тасымалдау бойынша акция өткізеді.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиакомпанияның, сондай-ақ жолаушылардың мүлкіне зиян келтірмеу мақсатында ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын спорттық жабдықтарды тасымалдауға сұраныс жіберу қажет.

Науқан бойынша қосымша қызметті www.flyqazaq.com сайтында ресімдеуге болады немесе байланыс орталығының +7 727 3561414 нөмірі бойынша тапсырыс бере аласыз.

Компания қауіпсіздік мақсатында спорттық жабдықтарды мұқият орауға кеңес береді.

Қысқы демалысыңыз жарқын, ұмытылмас сәттерге толы болсын!