QAZAQ AIR қызметкерлері жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылады

Жақында «Qazaq Air» АҚ-да компанияның комплаенс қызметі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті. Кездесу БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған және 2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтті.

Семинарда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің өкілі Асан Айдарханов мемлекет жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын атап өтті.

«2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында парасатты қоғам қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық себептерін азайту, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін жетілдіру мәселелері көрсетілген», – деді ол.

Асан Айдарханов сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралы болып табылатынын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге тоқталып, компания қызметкерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Семинар-кеңес барысында Басқарма төрағасы Еркін Наурызбаев «QAZAQ AIR» компаниясында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үздік тәжірибелері бойынша ұсынымдарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жасалуын болдырмау үшін алдын алу шаралары мен жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде комплаенс қызметінің басшысы қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау іс-шараларын жүргізу жөнінде айтып берді. Сондай-ақ қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру үшін парасаттылық идеологиясы мен мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.

Кездесуге қатысушылар кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті көздейтін тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыру үшін ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Еркін Наурызбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде жүйелі шаралар қабылдауға және алға қойылған міндеттерді тиімді орындауға жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.