QAZAQ AIR-мен бірге Түркістанға отбасылық саяхат

QAZAQ AIR «Түркістан қаласындағы отбасылық демалыс» науқанының басталғаны туралы хабарлайды. Әуе компанияның жолаушылары арнайы ұсынысты пайдалана отырып, тарихи қалада ұмытылмас демалыс күндерін өткізе алады.

«Түркістандағы демалыс осы өңірдің тарихымен, мәдениеті мен табиғи сұлулығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Тарихы терең,  ескерткіштер мен мәдени орындарға бай қала әсерлі саяхат сыйлайтыны сөзсіз», – деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.

Ұсынылған пакетте келесі жеңілдіктер қарастырылған (бір ересек адамға және бір балаға екі түнге беріледі):

– QAZAQ AIR әуе компаниясының Астана-Түркістан-Астана бағыты бойынша билеттері;

– қонақ үйде тұру;

– ыңғайлы шағын автобуспен әуежай-қонақ үй-әуежай бағыты бойынша трансфер;

– қонақ үй мейрамханасына 20% жеңілдік;

– СПА шараларға 20% жеңілдік;

– Altyn Samruk эксклюзивті 8D ұшатын театрына билеттер;

– отбасылық ойын-сауық орталығына шектеусіз карта;

– Farab кітапханасындағы балалар шеберханалары және Ұлы Дала мұражайына билеттер.

Сондай-ақ кешеннің жанында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан.

Пакеттің құны 17 наурызға дейін 174 000 теңге тұрады. Қосымша ақпарат алу үшін +7701 324 55 90 нөміріне хабарласуға болады.