QAZAQ AIR Наурыз мерекесіне қарсаңында 15% жеңілдік жариялайды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында QAZAQ AIR әуе компаниясы билеттерге 15% жеңілдік акциясын жариялайды.

Мерекелік  жеңілдік субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттарға беріледі. Акция шарты бойынша қолданыстағы тарифтерге 15% жеңілдік қарастырылады.

Жеңілдікпен ұшу мерзімі – 2023 жылғы 27 наурыздан 27 сәуірге дейін. Билеттерді тек 20-22 наурыз аралығында flyqazaq.com ресми сайтында брондауға және сатып алуға болады.

QAZAQ AIR өз жолаушыларын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтайды! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!