QAZAQ AIR Нұр-Сұлтан – Петропавл рейстерін қалпына келтіреді

QAZAQ AIR Нұр-Сұлтан – Петропавл рейстерін қолайлы бағамен қайта бастайды.

Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) орындалады. Билет бағасы 10 000 теңге. Қол жүгі 5 кг, жүк 20 кг. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік. Билеттер сатылымда.

Сейсенбі және сенбі күндерінің кестесі:

Нұр -Сұлтан (09:20) – Петропавл (10:30)

Петропавл (11:10) – Нұр -Сұлтан (12:25)

Бейсенбі кестесі:

Нұр -Сұлтан (08:35) – Петропавл (09:30)

Петропавл (10:00) – Нұр -Сұлтан (11:00)