QAZAQ AIR Өскеменнен Новосібірге әуе қатынасын жаңартады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 25 қаңтардан бастап Өскеменнен Новосібірге ұшудың қайта басталғаны туралы хабарлайды.

Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері кесте бойынша орындалады. Сондай-ақ, Астанадан Новосібірге Өскемен арқылы қосылатын рейстер іске қосылады (жергілікті уақыт көрсетілген):

IQ 413 Астана 12:10 – Өскемен 13: 50

IQ 515 Өскемен 14:50 – Новосібір 17:15

IQ 516 Новосібір 18:15 – Өскемен 18: 40.

IQ 414 Өскемен 19:30 – Астана 21: 15.

«Аталған рейс екі ел арасындағы экономикалық қатынасты дамытуға, сондай-ақ туризмді ілгерілетуге ықпал етеді»,-деп атап өтті QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, авиакомпания 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін барлық бағыттарда спорттық жабдықтарды (шаңғы жабдықтары, сноуборд жабдықтары, мұзда сырғанау конькилері) тегін тасымалдау бойынша акция өткізеді.