QAZAQ AIR рейстердің кешігуі мен тоқтатылуы туралы ескертеді

QAZAQ AIR Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты әуе компанияның рейстерінің кешігуі мен тоқтатылуы мүмкін екендігі туралы хабарлайды.

«Рейстер бойынша ақпарат жолаушыларға әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректемелер бойынша ұялы телефонға хабарламалар түрінде және электрондық пошта арқылы жіберіледі. Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады», – деп хабарлайды QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Әуе компания үшін жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі әрдайым маңызды.