QAZAQ AIR: Рейстердің кешігуі мен тоқтатылуы жайында

«Қазақстанның кейбір қалаларындағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты жоспарланған рейстердің кешіктірілуі немесе тоқтатылуы мүмкін. QAZAQ AIR әуе компаниясы әуежайларлардың техникалық қызмет көрсету бөлімдерімен бірлесе отырып орын алған жағдайды барынша тез арада шешу үшін жұмыс істеуде. Біз рейстердің кешігуі мен тоқтатылуын азайту үшін бар күшімізді салудамыз», – деді QAZAQ AIR әуе компаниясының баспасөз қызметі.

QAZAQ AIR әуе компаниясы жолаушылардан көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреді. Әуе рейстерінің ұшу уақыты туралы ақпарат жолаушыларға SMS-хабарламалар түрінде және билетті сатып алу кезінде көрсетілген мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Сондай-ақ, QAZAQ AIR әуе компаниясының кінәсінен рейс кешіктірілсе немесе тоқтатылса, QAZAQ AIR жолаушылар мен багажды әуе тасымалы қағидаларының 2.4.19-тармағына сәйкес мынадай қызметтер ұсынылатынын атап өтті:

1) жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін (әуежайда болған жағдайда) беру;

2) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан артық күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауы, оның ішінде халықаралық байланыс желілері бойынша немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама;

3) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан артық күту кезінде салқын сусындармен қамтамасыз ету;

4) рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан артық және одан әрі күту кезінде: әр алты сағат сайын – күндізгі уақытта; әр сегіз сағат сайын – түнгі уақытта ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

5) рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан артық және түнгі уақытта алты сағаттан артық күткен кезде әуе компаниясы ұсынатын қонақүйде орналастыру;

6) әуе компаниясы ұсынатын көлікпен әуежайдан қонақүйге дейін және қонақ үй қосымша ақы алынбай берілетін жағдайларда кері жеткізуді қамтиды.

Сонымен қатар, рейстің ұшу уақыты бес сағаттан артық мерзімге өзгерген кезде жолаушы өз таңдауы бойынша әуе компанияның ең жақын рейсіне билетті қайта брондауына немесе билеттің толық құнын қайтаруына құқы бар. Ұсынылатын қызметтер туралы қосымша ақпаратты әуе компанияның сайтынан білуге болады https://www.flyqazaq.com/izmenenie-rejsa/.