«QAZAQ AIR» әуе компаниясы Астана – Самарқанд халықаралық бағыты бойынша акцияны жалғастырады. Тек 2025 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында жолаушылар билеттерді 20% жеңілдікпен тек www.flyqazaq.com сайтынан сатып ала алады.
Арнайы тарифтер:
- Астана – Самарқанд — бір жаққа 35 000 тг-ден бастап;
- Түркістан – Самарқанд — бір жаққа 15 000 тг-ден бастап.
Саяхат кезеңі: 2025 жылғы 16 қыркүйектен 24 қазанға дейін.
Рейстер аптасына екі рет — жұма және жексенбі күндері орындалады, бұл қысқа сапарлар мен демалыс күндеріне ыңғайлы кесте ұсынады. Қарағанды мен Қостанай тұрғындары үшін Түркістан арқылы транзиттік рейстер қолжетімді.
«Біз жолаушыларымызға Ұлы Жібек жолының ең ерекше қалаларының бірі — Самарқанға қолжетімді сапарлар ұсынғанымызға қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тікелей әрі қолайлы әуе қатынасын дамыту, туризм мен мәдени алмасу мүмкіндіктерін кеңейту», — деп атап өтті QAZAQ AIR әуе компаниясында.
Арнайы бағамен ұсынылатын билеттер саны шектеулі.