QAZAQ AIR (Vietjet Qazaqstan): Аспандағы 10 жыл — тарих, жетістіктер және жаңа көкжиектер

Бүгін елорда әуежайында QAZAQ AIR әуе компаниясы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға қонақтар, серіктестер мен жолаушылар қатысты. Іс-шараға QAZAQ AIR директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Коэн, басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ә. Өмірәлиев, Н.Назарбаев атындағы әуежайдың Басқарма төрағасының орынбасары Е. Құмысбаев қатысты.

Жолаушылар үшін әуе компаниясы шын мәнінде мерекелік көңіл-күй сыйлады: сыйлықтарға толы аттракцион, дәмді дастархан, күтпеген тосынсыйлар мен 10 авиабилеттің ұтысы ұйымдастырылды. Серіктестер де өз сыйлықтарын тарту етті. Қуаныш пен шаттыққа толы атмосфера тағы да бір мәрте QAZAQ AIR үшін басты құндылық – әрдайым жолаушылар мен олардың қауіпсіздігі екенін айқындады.

Дәл осыдан он жыл бұрын QAZAQ AIR-дың алғашқы рейстері Қазақстан аспанына көтерілген еді. Бүгінде компания миллиондаған жолаушыларға жаңа бағыттар ашып, өңірлерді өзара байланыстыратын, Қазақстан ішінде сапарларды қолжетімді әрі жайлы еткен жетекші аймақтық әуе тасымалдаушы мәртебесінде мерейтойын атап өтуде.

10 жыл ішінде QAZAQ AIR 4 миллионнан астам жолаушыны тасымалдап, 66 мыңнан астам рейс орындады. Тек 2024 жылы ғана әуе компаниясының қызметін шамамен 601 мың жолаушы пайдаланды – бұл тарихтағы рекордтық көрсеткіш.

Бүгінде әуе компаниясының бағыттар желісі 20 бағытты қамтиды – оның ішінде 17 ішкі және 3 халықаралық рейс бар. 2025 жылы көптен күткен Астана, Қостанай және Қарағандыдан Түркістан арқылы Самарқандқа жаңа рейстер ашылды. Түркістан, Жезқазған, Петропавлға орындалатын әлеуметтік маңызы бар субсидияланған рейстер де әуе компаниясының миссиясының ажырамас бөлігі болып қала береді, өйткені олар мыңдаған өңір тұрғындарына қолжетімді сапар жасауға мүмкіндік береді.

QAZAQ AIR бірнеше мәрте халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды: үш жыл қатарынан Skytrax нұсқасы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік аймақтық әуе тасымалдаушылардың алғашқы үштігіне енді, IATA мүшесі және IOSA аудитінен табысты өтіп, әлемдік қауіпсіздік пен сапа стандарттарына толық сәйкес келетінін дәлелдеді.

Компания кадр даярлау ісіне ерекше мән береді: QAZAQ AIR авиациялық оқу орталығы бағдарламаларын кеңейтіп, әрбір борттық экипаждың ең жоғары халықаралық талаптарға сай болуын қамтамасыз етуде.

Мерейтойлық жыл компания үшін ерекше оқиғаға айналды – мамыр айында Vietjet компаниясымен стратегиялық әріптестік орнатылып, Vietjet Qazaqstan бренді іске қосылды. Бұл жоба аясында әуе компаниясы 20 заманауи Boeing 737 әуе кемесімен флотын толықтырып, бағыттар желісін кеңейтуді, цифрлық сервистерді енгізуді және жолаушыларға көрсетілетін жайлылықты жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр.

«10 жыл бұрын біз QAZAQ AIR тарихын жаңа бастайтынбыз. Бүгін біз өткен жолымызға мақтанышпен қараймыз және болашаққа нық сеніммен аттанамыз. Біздің мерейтой – бұл жолаушыларымыздың, серіктестеріміздің және бүкіл командамыздың ортақ мерекесі. Алда – жаңа бағыттар, заманауи әуе кемелері және бүкіл ел үшін жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр», — деді басқарма төрағасының м.а. Ә. Өмірәлиев.

QAZAQ AIR мерейтойы жай ғана дата емес, ол жолаушыларға шаттық пен ерекше эмоциялар сыйлаған айтулы оқиға болды және компания үшін басты құндылық – адамдар мен олардың қауіпсіздігі екенін тағы да дәлелдеді.

# # #