QAZAQ AIR (VietJet Qazaqstan) әуе компаниясы Түркістан – Самарқанд – Түркістан бағыты бойынша ұшу бағдарламасының 2025 жылғы 25 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.
1 қыркүйектен бастап рейстер жаңартылған кесте бойынша орындалады, бұл жолаушылардың сапарын жайлы әрі тиімді етеді.
Жұма және жексенбі күндері:
• IQ 509 рейсі Түркістан – Самарқанд: ұшу уақыты 12:45, келу уақыты 14:15.
• IQ 510 рейсі Самарқанд – Түркістан: ұшу уақыты 15:05, келу уақыты 16:30.
Бір бағытқа билет бағасы 14 000 теңгеден басталады.
Сонымен қатар келесі транзиттік бағыт қолжетімді:
• Астана — Самарқанд (Түркістан арқылы): ұшу уақыты 09:30, келу уақыты 14:15.
• Самарқанд — Астана (Түркістан арқылы): ұшу уақыты 15:05, келу уақыты 19:20.
Бір бағытқа билет бағасы 41 000 теңгеден басталады.
«Жазғы навигация кезеңінде бұл бағыт қазақстандық және өзбекстандық жолаушылар арасында тұрақты сұранысқа ие болды. Бұл рейстерді күзгі маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Тұрақты әуе қатынасы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризмнің, мәдени және іскерлік байланыстардың дамуына ықпал етеді», – деп атап өтті әуе компанияда.
Әуе тасымалдаушы қолжетімділік, икемділік және сапа қағидаларын ұстана отырып, жолаушыларына жайлы ұшуды ұсынады.
Билеттер ресми flyqazaq.com сайтында және барлық онлайн тревел агенттіктерде сатылымда бар.