QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) Самарқан бағытына арналған жеңілдікті ұзартты

Авиакомпания Астана – Самарқан халықаралық бағыты бойынша
ұтымды науқанның мерзімін ұзартты. Тек 23–27 маусым аралығында арнайы бағамен билет сатып алу мүмкіндігі бар.

Билеттер құны:
• Астана – Самарқан — екі бағытқа 50 000 теңгеден бастап;
• Түркістан – Самарқан — бір бағытқа 13 000 теңгеден бастап.

Саяхат кезеңі: 2025 жылғы 22 маусымнан 31 тамызға дейін.
Самарқанға рейстер аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Бұл сапарыңызды ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Самарқан – ежелгі тарихпен, шығыс сәулетімен және дәмдеуіштердің хош иісімен көмкерілген қала. Регистан алаңында серуендеп, көне медреселерді тамашалап, нағыз шығыс атмосферасын сезініңіз.

🔹 Билеттер саны шектеулі — Самарқанды тиімді бағамен ашуға асығыңыз!

# # #