Жазғы кезеңде әуе тасымалына сұраныстың артуына байланысты QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) бірқатар танымал бағыттар бойынша қосымша рейстердің ашылатынын хабарлайды.
8 шілдеден 31 тамызға дейін келесі бағыттарда қосымша рейстер қолжетімді болады:
• Астана – Омбы – Астана (қосымша 3 жиілік, билеттер бағасы 31 000 теңгеден басталады)
• Астана – Түркістан – Астана (сейсенбі күндері, билеттер бағасы 16 000 теңгеден)
• Астана – Шымкент – Астана (күн сайын, билеттер бағасы 20 000 теңгеден)
• Шымкент – Жезқазған – Шымкент (бейсенбі және жексенбі күндері, билеттер бағасы 16 000 теңгеден)
Қосымша рейстер жазғы маусымдағы жолаушылар ағынының маусымдық өсуін, демалыс кезеңін, мектеп каникулдарын және іскерлік сапарларды ескере отырып жоспарланған.
«Жазғы ұшу бағдарламасын кеңейту — Қазақстан өңірлері арасындағы әуе қатынасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған», — деп атап өтті әуе компаниясында.
Билеттерді ресми сайттан — flyqazaq.com, авиакассалардан және серіктес платформалар арқылы брондауға болады.