Саяхат бағытыңыз ретінде Түркістанды таңдаудың 5 себебі

  1. Қазақстанның мәдени және рухани орталығы

Түркістан — еліміздің рухани астанасы, ғасырлар бойы қажылар ағыла келген қасиетті мекен. Бұл жерде ежелгі дәстүрлер қалыптасып, тамыр тереңдеп, ұрпақтан-ұрпаққа даналық мұра етілген.

     2. Түркі әлемінің жүрегі — Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Қаланың басты көрнекі орны — ұлы сопы ақын әрі ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің XIV ғасырда тұрғызылған кесенесі. Зәулім сәулеті мен тарихи қуаты таңғалдырады, ал ішкі атмосферасы уақыттың рухын сезіндіреді.

     3. Отбасылық демалыс үшін тамаша бағыт

Аквапарк, интерактивті мұражайлар, мәдени квесттер мен шоу-бағдарламалар — балалар үшін қызықты, ал ересектер тынығып, мәдениетпен танысып, қаланың байсалды ырғағынан ләззат ала алады.

     4. Жаңа деңгейдегі туризм

Бүгінгі Түркістан — қарқынды дамып жатқан заманауи қала. Мұнда жаңа қонақ үйлер салынып, мұражайлар, арт-кеңістіктер мен мәдени орталықтар ашылып жатыр. Түркістанда концерттер, көрмелер мен фестивальдер тұрақты өтеді — бұл қаланы тек қажылық сапармен келетіндер үшін емес, жастарға, отбасыларға және шетелдік туристерге де тартымды етеді.

5. Астанадан тікелей әуе рейстері
VIETJET QAZAQSTAN (QAZAQ AIR) әуе компаниясымен Түркістанға небәрі 1,5 сағатта жетуге болады. Аптасына 6 рейске дейін — өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдаңыз да, ел ішіндегі жаңа бағытты ашыңыз!

# # #