Жүкті тегін алып жүру нормасы тариф ережелерімен анықталады:
ЖЕҢІЛ | ОҢТАЙЛЫ | ЖАЙЛЫ | ЖАСТАР (16–22) / ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ (60+) | СУБСИДИЯЛАНҒАН |
Жүксіз | 1 орын 23 кг-ға дейін | Әрқайсысы 23 кг-ға дейінгі 2 орын | 1 орын 23 кг-ға дейін | 20 кг |
- Алдын ала, рейс ұшуына кем дегенде 1,5 сағат қалғанда рейске тіркеу және жүкті рәсімдеу процедураларынан өту үшін жолаушыларды тіркеу орнына келуді ұсынамыз.
- Рейске тіркеу және жүктерді қабылдау рейстің ұшу уақытына 40 минут қалғанда аяқталады.
- Егер сізге қосымша жүк орны керек болса, оны алдын ала қосымша ақыға жеңілдікпен немесе әуежайда тіркеу кезінде сатып ала аласыз.
- Егер сіздің жүгіңіз салмақ бойынша үстеме мөлшерден асып кетсе, сіз артық салмақтың әр килограмын әуежайда тіркеу кезінде қосымша ақыға сатып ала аласыз.
Халықаралық рейстерде ұшу әуежайында қосымша қызметтер үшін ақы төлеу кезінде, қызмет көрсететін компания жағынан сервистік ақы алынатынын хабарлаймыз.