Ұлттық домбыра күні

 Ұлттық домбыра күні қарсаңында QAZAQ AIR 2022 жылдың 2-3 шілдесі аралығында музыкалық аспаптарды тегін тасымалдайды.  Сіз өзіңізбен бірге саяхатқа салмағы 10 кг-нан аспайтын, өлшемі 120 x 50 x 30 см-ден аспайтын домбыра, гитара, саксофон және басқа да музыкалық аспаптарды ала аласыз. Өз аспабыңызды тегін тасымалдауды рәсімдеу үшін сізге мына нөмір бойынша Әуекомпанияның колл-орталығына хабарласу қажет: +7(7273) 56 14 14.

Qazaq Air таңдағаныңызға рахмет!

QAZAQ AIR – жетекші өңіраралық әуекомпания,  біз сыйымдылығы 86 жолаушы креслосына дейін жаңа генерациядағы канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы әуе кемелерінде тұрақты авиарейстерді орындаймыз. Әуекомпания 2018 жылдан бастап IOSA өндірістік қауіпсіздіктің халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған, IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының мүшесі. Бізде орташа жасы 4,5 жылды құрайтын Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ең жас флоттардың бірі. Флот тек өндіруші зауыттан тікелей жеткізілетін жаңа әуе кемелерімен толықтырылады.