VietJet Qazaqstan (QAZAQ AIR) тарифтік саясатын жаңартып, жолаушының нақты қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа тәсілді іске қосуда.
Енді билет бағасы мен тасымалдау шарттары әртүрлі жолаушылар санатының сұранысына барынша сай болмақ – іскерлік сапарлардан бастап, отбасылық демалысқа дейін.
Жаңартулардың негізгі бағыты — қол жүгінің нормасын арттыру және билетті ауыстыру шарттарын қолайлы ету.
«Жолаушылардың қажеттіліктері өзгеруде, біз де осы өзгерістерге бейімделеміз. Қазір әр адамның қалауы маңызды: біреу тек бір күнге жолға шығып, жүксіз саяхаттаса, басқаларға жайлылық пен икемділік қажет. Біз әр жолаушы өзіне лайықты өнімді таңдай алатындай жағдай жасағымыз келеді»,
– деп атап өтті әуе компанияда.
Негізгі өзгерістер:
1. Қол жүгінің нормаларын арттыру
Жолаушылардан түскен көпшілік сұранысқа байланысты компания қол жүгіне қойылатын талаптарды қайта қарап, заманауи саяхатшылардың қажеттіліктеріне сәйкестендірді:
- «Жеңіл» және «Оптималды» тарифтер
Бұрын: 1 орын, 5 кг-ға дейін, өлшемі 40×25×20 см
Қазір: 1 орын, 7 кг-ға дейін, өлшемі 56×36×23 см - «Комфорт» тарифі
Бұрын: 1 орын, 5 кг-ға дейін, өлшемі 40×25×20 см
Қазір: 1 орын, 10 кг-ға дейін, өлшемі 56×36×23 см
2. Билетті ауыстыру шарттарының икемділігі
- «Жеңіл» тарифі енді рейс күнін қосымша төлеммен өзгертуге мүмкіндік береді
- «Оптималды» тарифі — айыппұлсыз ауыстыру мүмкіндігі, тек тариф айырмашылығы төленеді.
«Әр жолаушының сапары – әртүрлі мақсат, міндет және басымдық. Біз жай ғана ережелерді өзгертіп отырған жоқпыз – біз ыңғайлылық пен еркін таңдау қағидатына негізделген тиімді жүйеге өтудеміз»,
– деп атап өтті компания.
VietJet Qazaqstan (QAZAQ AIR) қолайлы өнімдерді одан әрі дамытуды, қызмет сапасын арттыруды және әр рейс жолаушы үшін жеңіл әрі жайлы болуын қамтамасыз етеді.
Жаңа тарифтік саясат туралы толығырақ ақпарат flyqazaq.com ресми сайтында.