Жолаушылар үшін жазғы тасымалдың ең белсенді кезеңі жақындады

QAZAQ AIR (VietJet Qazaqstan) әуе компаниясы жазғы маусымның сұранысқа ие кезеңінің жақындап қалғанын ескере отырып, жолаушыларға өз сапарларын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Бұл уақытта әсіресе туристік және өңірлік бағыттарға әуе билеттеріне сұраныс айтарлықтай артады.

     Осыған байланысты барлық жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерін ертерек сатып алуға кеңес береміз.

     Билетті уақытылы сатып алу ыңғайлы ұшу уақытын таңдауға, демалыс кезіндегі билет тапшылығынан сақтануға көмектеседі.

     QAZAQ AIR AIR (VietJet Qazaqstan) заманауи әуе кемелерімен Қазақстан ішінде және шетелге тікелей, қолайлы рейстер ұсына отырып, жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз сапарды қамтамасыз етеді.

     Барлық жаңа бағыттар мен акцияларды flyqazaq.com сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыздан бақылап отырыңыз.

     Сапарыңызды бүгіннен бастап жоспарлаңыз!

# # #