Корпоративтік басқару

«QAZAQ AIR» АҚ 100% акциялары «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табылады.

Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған. Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

«QAZAQ AIR» АҚ акционерлерінің тізілімін «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы жүргізеді.

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының мекен-жайы:

050040, Алматы қ-сы, Қ. Сәтбаев көшесі 30/8,
Тел.: +7 (727) 272 47 60
Веб-сайт: www.kacd.kz

«QAZAQ AIR» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 77 шешімімен «QAZAQ AIR» АҚ Корпоративтік хатшысы болып Камилла Кусмадиевна Дюсенова тағайындалды.

Корпоративті хатшы – директорлар Кеңесімен тағайындалып, оған бағынады, директорлар Кеңесі мен Қоғам атқарушы қызметін атқара алмайды. Ол директорлар Кеңесіне бағынады және де атқарушы органнан тәуелсіз болып келеді.

Корпоративті хатшының басты міндеті – директорлар Кеңесі мен жалғыз акционердің уақытылы, әрі сапалы шешім қабылдауына мүмкіндік туғызу. Директорлар Кеңесі, атқарушы орган мен жалғыз акционер арасында қарым-қатынасты күшейту. Сонымен қатар, корпоративті басқарудың іс жүзіндегі жұмысын қадағалау.

Корпоративті хатшы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Заңнамасы, Қоғам жарғысы, корпоравтиті басқару Кодексі, Корпоративті хатшы туралы ережелер, Қоғамның ішкі құжаттары, сонымен қатар директорлар Кеңесі мен Жалғыз акционердің шешімдері негізінде жүзеге асырады.

«QAZAQ AIR» АҚ ішкі аудит қызметі 2016 жылдың қыркүйек айында қоғам директорларының Кеңесімен ұйымдастырылған. 

Қызмет жұмысының басты мақсаты – қоғам директорлар Кеңесінің алдында ішкі бақылау, корпоративті басқару мен тәуекелді басқару қызметтерін тәуелсіз, әрі объективті бағалау, кеңес беру.

Қызмет жұмысы жылдық тәуекелге бағдарланған жоспар бойынша жүзеге асырылып, директор Кеңесімен бекітіледі. 

Аталмыш бөлім қызмет ережелері, ішкі аудитті ұйымдастыру басшылығы, сонымен қатар ішкі аудиторлар Институтының ішкі аудит халықаралық кәсіби стандарттарына сүйеніп жұмыс атқарады. 

Қызметтің басты міндеттері:

  • ішкі аудит жүйесін жетілдіруді бағалау және қолдау; 
  • тәуекелді басқару жүйесін жетілдіруді бағалау және қолдау; 
  • айлакерлік пен айлакерлік қауіп-қатерін басқарудың тиімділігін бағалау; 
  • Қоғамдағы корпоративті басқару жүйесінің тиімділігін бағалау мен қолдау бухгалтерлік есептің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігі мен қаржы есептің сенімділігін бағалау; 
  • Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкестігі мен Қоғамның нормативтік құжаттарын (комплаенс-контроль) бағалау; 
  • Қоғамның қорын рационалды, әрі тиімді пайдалану, активтірді сақтап қалудың қолдану тәсілдерін бағалау.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 тамыздағы шешіміне (№36/21 хаттама) сәйкес «Grant Thornton» ЖШС 2021-2023 жылдарға «QAZAQ AIR» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып анықталды.

2021 жылы 22 желтоқсанда «QAZAQ AIR» АҚ Директорлар кеңесінің бекітілген № 68 қаулысына сай, 2022 жылғы Директорал кеңесінің жұмыс жоспары бойынша:

№  КүніАтауы
1.25 ақпан 2022 ж.Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы
2.29 сәуір 2022 ж.Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы
3.17 маусым 2022 ж.Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы
4.9 қыркүйек 2022 ж.Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы
5.4 қараша 2022 ж.Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы
6.15 желтоқсан 2022 ж.Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы

«QAZAQ AIR» АҚ Жедел желісі!

«QAZAQ AIR» акционерлік қоғамы бизнес жүргізуде адалдық, айқындық және ашықтық қағидаттарын ұстанады және қызметкерлеріміз бен серіктестердің осы қағидаттарды ұстануына ерекше назар аударады.

Оңды имиджді одан әрі сақтау мақсатында, «QAZAQ AIR» АҚ компаниясының қызметіне қатысты заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтарды уақытылы анықтау және алдын-ала болдыртпау, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді анықтау мақсатында Компания Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желісінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желі тәуелсіз оператор, KPMG компаниясымен қызмет көрсетіледі және келесі қағидаттар бойынша жұмыс істейді:

– құпиялылық және анонимдік (өтініш берушінің талабы бойынша); және

– компанияның жауапты тұлғаларына кейіннен ұсына отырып, хабарламаларды 100% тіркеу және өңдеу.

Хабарламаларды барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы бере алады:

Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желі: 8 800 080 4747. (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін) немесе

электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz немесе

интернет-портал www.sk-hotline.kz  немесе

WhatsApp мобильді қосымша: +7 771 191 8816

Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желісі тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейді (24/7). Сонымен қатар, оператор қоңырауларды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00 мен 18.00 арасында қабылдайды. Қалған уақытта (мереке /демалыс күндерін қоса), телефон қоңыраулар хабарламаларды жазылу мүмкіндігімен бірге автожауапбергішке түседі. Жұмыс уақытынан тыс алынған хабарламалар, келесі бірінші жұмыс күнінде өңделеді.

Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желісі Қоғам қызметкерлері үшін, сонымен қатар Компаниямен өзара әрекеттесетін үшінші тұлғаларға да (тапсырыс берушілер, мердігерлер және басқа мүдделі тұлғалар) қол жетімді.

Құпиялылық пен анонимділікті қамтамасыз ету үшін барлық келіп түскен хабарламалар сыртқы тәуелсіз Оператормен қабылданады және өңделеді. Оператор күн сайын келіп түскен хабарламалар туралы ақпаратты Комплаенс қызметіне күн сайын жібереді.

Егер сіз хабарлама жіберу кезінде өз деректеріңізді жария етпегіңіз келсе, олар тіркелмейді және Компанияға берілмейді. Дегенмен, сіздің хабарламаңызды тиімді және уақтылы өңдеу үшін сізден байланыс ақпаратын қалдыру сұралады.

Бұл ретте Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желісіне жүгіне отырып, сіз сыртқы тәуелсіз оператор қызметкерлерінің Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуіне және алынған деректерді сіздің өтінішіңіздің кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз ететін компанияның жауапты қызметкерлеріне беруге келісесіз.

Ынтымақтастық пен көмегініз үшін алғыс білдіреміз!

ЕСКЕРТПЕ:

Жедел байланыс желісі тек заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтар туралы, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді туралы хабарлама алуға арналған.

Маңызды! Жедел байланыс желісі қызметкерлер мен контрагенттерге қысым жасау үшін қолданылмауы керек және/немесе оларды белгілі бір әрекеттерді жасаудан/бас тартуға мәжбүр етпеуі керек және жеке ішкі істерді шешу құралы ретінде қарастырылмауы керек.

                Қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ «QAZAQ AIR» АҚ басшылығының атына ресми өтініш жасау үшін компанияның корпоративтік веб-сайтында көрсетілген байланыс деректерін пайдалану қажет.                 Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы беріледі.

«QAZAQ AIR» АҚ Комплаенс қызметі 2021 жылы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды. Комплаенс қызметі Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қызметтің негізгі мақсаты Комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

«QAZAQ AIR» АҚ – дағы бастамашылық ақпараттандыру саясатына және «QAZAQ AIR» АҚ-дағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес, сіз ұрлық, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және басқа да бұзушылықтардың орын алған немесе болжанған фактілері немесе мінез-құлық Кодексін бұзудың туралы хабарлай аласыз -жүктеу үшін құжатқа сілтеме жасай аласыз).

Сондайақ сіз Комплаенс қызметінің басшысына тікелей хабарлама жібере аласыз немесе сұрақ қоя аласыз Anti-corruptionCompliance@flyqazaq.com

Жедел желі хабарласуға арналған байланыс деректерімен мына жерден танысуға болады.