QAZAQ AIR авиакомпаниясы Орталық Азия мен ТМД елдерінің үздік өңірлік авиакомпанияларының үштігіне кірді

Skytrax рейтингі авиация әлеміндегі ең беделді рейтинг. Ол жолаушылар мен авиация сарапшыларының пікірлері негізінде жасалады.

Skytrax-британдық жеке консалтингтік компания, ол әртүрлі авиакомпаниялар мен әуежайларда көрсетілетін қызметтердің сапасын егжей-тегжейлі зерттеуге мамандандырылған.

2021-2022 жылдардағы Skytrax сауалнамасында 350-ден астам авиакомпаниялардың есімдері аталған.

Сауалнамаға қатысушылар-жолаушылар мен авиаэксперттер авиакомпания сайтын, рейске тіркелу мен отырғызуды, ұшақ салонының тазалығын, борттағы ойын-сауықты, бортсеріктердің сыртқы түрін және қызмет көрсетуді, тамақтану сапасын, креслолардың жайлылығын және басқаларды бағалады.

QAZAQ AIR авиакомпаниясы «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік авиакомпаниялары 2022» номинациясы бойынша үздік үштікке кірді.

QAZAQ әуе компаниясының жұмысын жоғары бағалау

Барлық жаңалықтар