QAZAQ AIR кейбір әуе рейстерінің кешігуі мүмкін екенін ескертеді

Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты QAZAQ AIR кейбір әуе рейстерінің кешігуі мүмкін екенін ескертеді.

Қазіргі уақытта жағдай жақсарып келеді, бірақ кейбір жағдайларда жолаушылар автобустары мен жабдықтарды жеткізу үшін қосымша уақыт қажеттілігі туындауда.

«Ауа райына байланысты уақытында орындалмаған рейстер келесі рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін. Жолаушылардан орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Әуе компаниясы жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес барлық қызметтерді көрсетеді», – деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар